+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ – "ОТЫРАР" КІТАПХАНАСЫНДА! (Суреттерді түсірген Азат Дидарбек)

"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Аудандар көші - кітапханада» жобасы аясындағы мәдени шараны Ордабасы ауданының кітапханалар жүйесі жалғастырды. «Аудандар көші – кітапханада» деп аталатын мәдени-әдеби кеште ауданның тарихы туралы деректі фильмі көрсетілді. Кеште кітап көрмесінің лентасы қиылып, ары қарай ауданның Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, бүкілодақтық, республикалық, облыстық байқаулардың иегері Темірбай Асанов "Ордабасы" әнін, Әсел Балабиева "Сағыныш" әнін, Айнұр Аубакирова "Темірлан вальсі" және "Бақытты күндер-ай" әндерін орындады.