+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ЕРКІНБЕК ТҰРЫСОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру:» мақаласының аясында 29 қарашада сағат 11-00-де «Бір өлке – бір кітап»» - 2017» облыстық акциясы аясында таңдалған жазушы, драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Еркінбек Тұрысовтың «Қазіргі қазақ прозасы және Еркінбек Тұрысов шығармашылығы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 
Кешті ақын Қабылбек Төретай жүргізді. Ақын Кендебай Ахат, Әмзе Қалмырза, Сабырбек Нұрман арнауларын оқыды. Зерттеуші Сәрсенбек Сахабат көркем-публицистикалық еңбектері туралы айтып өтті. Танымал кәсіпкер Алтынбек Төлепбеков жазушының азаматтық болмысы жайында толғанды. Зерттеушілер филология ғылымдарының кандидаты Р.Қажиакпарова, Ә.Толысбаева, Н.Халықова жазушының шығармашылық әлемі жайында баяндама жасады. №80, мектеп оқушылары Е.Тұрысов шығармаларынан үзінділер оқыды. №85 мектеп оқушылары өз жүрекжарды өлеңдерін оқып, балауса жырларын арнады. Еркінбек Тұрысовтың «Бір өлке – бір кітап» акциясының қорытындысы іспетті конференцияда жазушы жайында жазған мақалалар мен эсселер бойынша байқау қорытындысы жарияланды. Үздік эссе жазған студенттер мен оқушылар марапатталды. Кеш барысында жазушы Еркінбек Тұрысов ойлы оқырманға өз алғысын білдірді. 
«Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекова оқырман және қаламгер арасындағы рухани байланысты дамытудағы конференцияның тағылымы жөнінде өз пікірін білдірді.