«ЕЛІН СҮЙГЕН,ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» атты кітап көрмесі
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен
1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Назарбаев зияткерлік мектебінде кітап апталығы өтуде.
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Кітап көрмесіне ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі және еңбектері, қоғам қайраткері ретіндегі қызметі туралы очерктер мен естеліктер енді. Елбасының қатысуымен мемлекет ішінде және шет елдерде өткен басты іс-шаралар туралы, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың баяндамаларының мәтіндері мен түрлі анықтамалық материалдармен толықтырылған.