+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ОТЫРАР» - «ОТЫРАРДА»

«Отырар» облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Отырар» телеарнасының 25 жылдық мерейтойына арналған кездесу кеші өтті. Медиахолдинг басшысы Валентина Куприяновна Куликова телеарнаның құрылуы мен негізгі бағыттары жөнінде әңгімеледі. Телеарнаның бас редакторы Зәуре Оралбаева, жоғары рейтингке ие «Шұғыл шақырылым» бағдарламасымен танымал Данияр Құдайбергенов пен редакцияның журналистері Саида Тұрсыметова мен Жанар Есенбекова телеарнаның тыныс-тіршілігі туралы сөз етті. 
Кітапхана директоры, журналист Күлия Айдарбекова телеарна ұжымын мерейтойымен құттықтап, алғыс хат ұсынды. Сондай-ақ, алдағы уақытта мәдени-рухани байланыс аясында біршама жобаларды жүзеге асыруға ұсыныс жасады.
Кітапхананың Баспасөз залынан телеарнаға арналған арнайы бұрыш ашылды.