+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ!

"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының "Елбасы залында" 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Ақерке" балалар залының оқырмандарымен "Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы" атты тарихи-танымдық сабағы өтті. Іс-шара Мемлекеттік Әнұранды орындаумен бастау алып, ҚР Тұңғыш Президенті туралы жас оқырмандарға өмір жолынан толық мәлімет беріліп, ары қарай "Эверест-Заңғар" балабақшасының бүлдіршіндері би билеп, патриоттық әндер орындалды. Жас оқырмандарға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға тарихшы, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Алаш” сыйлығының иегері Еркінбек Тұрысов пен Қазығұрт ауданының құрметті азаматы Нұрмаханбет қажы Әжіметұлы қатысып, балаларға Елбасының өмірі жайлы қызықты деректерді айтып, елін сүюге, Отанды қорғауға шақырды.