«Cызықтық перспективаның»
2017 жылдың 4 желтоқсан күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер бөлімінде «Жас өркен» үйірмесі кезекті сабағын бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі «сызықтық перспективаның» ережелеріне арнады. Перспектива латынның «perspicere» — «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Сызықтық перспективаның ережелері:
1) Cызықтық перспективаның бірінші ережесі көлемі бірдей заттар әр түрлі қашықтықта орналасса, онда алыста орналасқан затқа қарағанда жақындағы зат үлкен болып көрінеді. Демек жақындағы затты алыстағы заттан үлкендеу етіп бейнелеу қажет;
2) Параллель сызықтардың бізден алыстаған сайын көз ұшында тарыла түскендей болып, бір нүктеде түйісетіндігі.
Сабақ барысында балалар нұсқаға қарап кеңістік туралы ойы мен қиялын дамытатын суреттер салды. Перспектива құбылыстарының қарапайым ережелерімен танысу, кеңістікті ойлаудың күрделі екендігін көрсетеді. Оқушылардың зейіні мен ой-өрісін дамытуда бұл өнер түрінің орны айрықша.