+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ!

Оқушылардың кітап оқуға құмарлығын, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру және кітап арқылы олардың сөздік қорын, ой-өрісінің дамуын, рухани байлығын дамыту мақсатында облыстық "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасының "Ақерке" балалар залында №129 мектеп оқушыларының қатысуымен "Кітап – білім бұлағы" тақырыбында мәнді де, әдеби-мәдени кеш өтті. Кеш барысында мектеп оқушылары рухани байлық – кітаптың құндылығын насихаттап, кітап туралы өлең-жырлар оқып, мақал-мәтелдерді де айтты.