+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ОТЫРАР КІТАПХАНАСЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ»

2017 жылдың 6 желтоқсанында «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Оңтүстік Қазақстан облысы кітапханашыларының «Отырар кітапханасы – Мәңгілік елдің рухани мұрасы» тақырыбында «Кітап және қоғам» Х аймақтық кітапханашылар форумы өтті. 
Форум аясында кітапхана ісі саласының қазіргі жағдайы мен болашақтағы даму жолдары сөз етілді. 
Форумға облыстық және аудандық кітапхана директорлары мен кітапханашылары қатысып, «Отырар» кітапханасының туған күніне жылы лебіздерін білдірді. Кітапханашылар арасында өзара тәжірибе алмасу орын алды. 
Форум аясында «Бір өлке – бір кітап – 2018» облыстық акциясы аясында жазушы, әдебиет сыншысы, драматург Асқар Сүлейменовтың «Бесін» кітабы таңдалды.
Өлкетанушы этнолог, әдебиеттанушы А.Жұмашевтың мүйісі ашылды. 
Облыстық оқушылар сарайының өнерпаздары «Отырар кітапханасы» туралы сахналық көрініс жасап, жас домбырашылар Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. 
«Отырар кітапханасы балалар көзімен» атты суреттер байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен ұстаздар марапатталды.
ОҚО-ның құрылғанына 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Аудандар көші – кітапханада» жобасы аясында туған өлкенің тарихы мен мәдениетін насихаттау және қаламгер мен оқырман арасындағы байланысты нығайтудағы үлестері үшін аудандық және облыстық кітапханаларға алғыс хат ұсынылып, әрқайсысына 100 кітаптан сыйға тартылды.