2017 жылдың 27 қарашасында «Отырар» облыстық кітаханасында мемлекет және қоғам қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Қуаныш Айтахановтың 70 жылдық мерейтойына арналған "Айдынды азамат" атты шығармашылық кеш өтті. Кешті ақын, журналист Нармахан Бегалыұлы жүргізді. Шығармашылық кешке облыс әкімдігінің өкілдері, облыстың ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мəдениет саласының қызметкерлері қатысып, мерейтой иесіне жылы лебіздері мен арнауларын тарту етті.