+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

АҚЫН ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ!

"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Оқу залында "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында таңдалған көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған "Ақын есімі - ел есінде" атты пікірлесу кеші өтті. Кеште Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан Өнер және дизайн колледжі, М.Өтебаев атындағы Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі студенттері, Д.Нүрпейісова атындағы №116 мектеп және №80 мектеп-гимназиясы оқушылары мен ұстаздары қатысып, ақын жайлы естеліктер, өлеңдер мен үзінділер, "Қамар сұлу" романынан қойылым қойылды.