«ОТАНДЫҚ ӨНІМ – ЕЛ ИГІЛІГІ»
2017 жылдың 22 қараша күні "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Отандық өнім – ел игілігі» атты «Назар текстиль» ЖШС басшыларымен кездесу кеші өтті. «Назар-Текстиль» ЖШС - 2012 жылы Қазақстан Республикасы территориясында көтерме және бөлшек сауда түрімен кілемдер мен кілемдік өнімдер қызметі саласы негізінде құрылған фабрика болып саналады. Кездесу мақсаты - отандық өнімді қолдау, жас ұрпаққа кәсіби бағдар беру, мамандық таңдауға көмектесу, еңбек адамдарын дәріптеу, таза еңбекпен табысқа жеткен кәсіпкерлердің үлгісінің негізінде бизнестің қыр-сырын насихаттау.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасының және еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге бағытталған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» жобасының аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында қабылданған «Туған жерді түлеткен азаматтар» жобасы бойынша жергілікті кәсіпкерлермен кездесу кештері желісі жоспарланған. Кездесуді директор орынбасары Г.Алпысбаева жүргізді.
Жиын барысында кітапхана директоры К.Айдарбекова, «Назар текстиль» ЖШС бас директоры Ауезханқызы Қарлығаш, «Назартекстиль» ЖШС қызметкері С. Жүнісов, отбасылық кәсіпкерлердің әкесі Ауезхан Аймбетұлы, анасы Дариға Абылайқызы, апалары Қамарай ана, Жанат ана, сонымен қатар ОҚМПИ профессоры С.Әбубәкіров, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бизнес-тренері Қ. Батырбеков сөз алып, кәсіпкерлік туралы ой-пікірлерін білдірді.
Кездесу кешіне М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенттері, Назарбаев зияткерлік мектебі, № 80 мектеп-лицейінің ұстаздары мен оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты.