2017 жылдың 22 қарашасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының облыста жүзеге асырылу барысы бойынша Қаратау аудандық әкімдігі өкілдері "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы ұжымына дәріс оқыды. Жиында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы бағыттары мен орындалуы жайында сөз етілді.
Келешекте Қаратау ауданы әкімдігі мен "Отырар" облыстық кітапханасы арасында етене тығыз байланыс орнату жөнінде екіжақты ұсыныстар жасалды. Дәріскер өз сөзінде кітапхана құрылымы мен безендірілуіне сүйіспеншілігін білдіре кетті.
Дәріс соңына қарай әкімдік тарапынан пікір алмасуға қатысқан кітапхана қызметкерлеріне естелік сыйлықтар ұсынылды.