+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Жас өркен»

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Өнер» бөліміндегі бүгінгі «Жас өркен» үйірмесінің кезекті сабағы бейнелеу өнеріне арналды.
Бейнелеу сабағы балалардың көркем қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын дамытуда ықпалы зор. Балалардың сурет салу барысында белгілі бір білім, білік дағдыларын меңгеруі, балаға өз қабілетін анықтап, түсінуге мүмкіндік туғызады. 
Балалардың эстетикалық тәрбиесі, қиял әлемінің көкжиегін кеңейту мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда, сонымен қатар бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыруда – бұл сабақтың жас оқырмандар үшін маңызы зор.