+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ҰЛЫ ҒАБИДЕННІҢ МҰРАЛАРЫ ӨЛМЕЙДІ"

2017 жылдың 15 қараша күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Ақерке» балалар залында қазақтың әйгілі жазушысы Ғабиден Мұстафиннің 115 жылдығына орай «Ұлы Ғабиденнің мұралары өлмейді» атты әдеби кеш өтті. 
Әдеби кеш жазушы, қоғам қайраткері Ғ.Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығына арналды. №80 мектеп оқушыларының қатысуымен өткен іс-шарада Мұстафиннің шығармаларынан үзінділер орындалып, көріністер қойылды. Жазушының «Қадірлі қонақ» әңгімесі желісінде көріністі көпшілік назарына ұсынды. Іс-шара барысында жазушының шығармалары бала оқырмандарға насихатталды.