"ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ - ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ"
Ұлттық валютамыз, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады.15 қараша - "Қазақстан ұлттық валютасының күніне" орай, бүгін "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің "Бизнес және басқару" жоғары мектебінің белсенділермен бірлескен "ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ - ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ" атты тақырыптық кеш өткізілді. Кеш барысында еліміздің ұлттық валютаға көшудің маңызы, тарихы, айналымға енуі, безендірілуі туралы, жалпы әлемдік ақшалар туралы қызықты мағлұматтар берілді. Ұлттық теңгеміздің әл-ауқатын жақсарту жолдары, еліміздің экономикасын көтеру мәселелері аясында қатысушылардың пікірлері айтылды.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан студенттер мен оқытушы-ұстаздар алғыс хатпен марапатталды.