+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«САНАЛЫҒА АЙТАР СЫРЫМ БАР!»

2017 жылдың 13 қараша күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Өзбекстан Республикасы Тұран Ғылымдар академиясының Қазақстан Республикасы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі, профессор Қалдыбек Сейдановтың «САНАЛЫҒА АЙТАР СЫРЫМ БАР!» атты әдеби шығармашылық кеші өтті. 
Әдеби кеште филология ғылымдарының докторы, профессор, Абайтанушы М.Мырзахметов, жазушы-драматург Е.Тұрысов, ф.ғ.к., доцент С.Оразалиев, «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми хатшысы З.Жантасова жазушы Қалдыбек Сейдановтың шығармашылық әлемі жайында пікірлерін білдірді. Шығармашылық кездесу кешінің соңы сыр-сұхбатпен жандана түсті.
Х. Әлімжан атындағы №85 жалпы орта мектеп ұстазы Ж.Тұрсынбаева мен оқушылары бұл іс-шараға қатысып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты сауалдар қойды.