+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ӨНЕРГЕ ӨЛЕРДЕЙ ҒАШЫҚ ЕДІ"

2017 жылғы 1 қараша күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Өнер әдебиеттері» бөлімінде режиссер, драматург, Ж.Шаниннің 125 жылдығына орай «Өнерге өлердей ғашық еді» атты шығармашылық кеш өтті. Бұл мәдени басқосу өнер саласының майталманы, театр өнерінің негізін салушылардың бірі Жұмат Тұрғынбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. 
Шығармашылық кездесу кеште алғаш болып сөз алған кітапхана директоры, мәдениеттанушы К.Айдарбекова қазақ өнерінің өшпес жұлдызы Ж.Шанинге арналған бұл жиынның маңыздылығына тоқталып, іс-шараны ашып берді. 
Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург Сая Қасымбек Шаниннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертті.Ж.Шаниннің қазақ өнеріне, қазақ мәдениетіне қосқан үлесі жайында зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген Сая Қасымбектің әлі де айтар толғамды әңгімелері көп. 
Жазушы Е.Тұрысов ерен тұлғаның театрда көрген тауқыметтері жайында әңгімелеп, Ж.Шанин туралы естеліктерімен бөлісті. 
Ж.Шаниннің өміріне арналған академик, сыншы Р.Нұрғалидың «Ай қанатты арғымақ» романына талдау жасаған филология ғылымдарының кандидаты, кітапхананың ғылыми хатшысы З.Жантасова, «Жұмат қазақ театрына сарай соғылса, соның маңдайшасына ай қанатты арғымақ суретті салдыруды арман етті» - деп пікірін білдірді.
Театр мәдениетіне арналған бұл отырыста өнер қайраткері Ж.Шанин жайында айтылған әңгімелер мен естеліктердің қатысушыларға әсері мол болды.