+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Өмір сүрсем.. кеш емес"

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қорына жазушы Жанар Әбдішованың "Өмір сүрсем.. кеш емес" атты кітабы келіп түсті.
Кітапқа мерзімдік баспасөзде жарияланған бір топ әңгімелер енген. Тақырыбы әр алуан, замандастарымыздың басынан өткен жай күйлері, тығырықтан шығар жол іздеген сәттері шынайы, нанымды бейнеленген.
Негізгі кейіпкерлері - әйелдер. Көлемі жағынан қысқа жазылған әңгімелерінің қай-қайсысы да жүрекке жол тауып, оқырманын селқос қалдырмайды, еліктіріп, тартымды оқылады, тілі шұрайлы, көркем.
Ендеше кітапсүйер қауымды, барлық замандастарымызды кітап оқуға шақырамыз!