ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЗАЛЫ
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Елбасының бұл батыл шешімі әліпбиге қатысты көптен талқыланып келе жатқан мәселелердің, ой-толғамдардың қорытындысы, түйіні болды. Ендігі кезекте баршамыз үшін алда тұрған міндет - жаңа әліпбиді кезең-кезеңімен игеру, қолданысқа тиімді енгізу.
Бүгін Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңарту бағдарламасы аясында «Латын әліпбиі залы» ашылды. Бұл салтанаттты жиынға қазақ елінің зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.
Еліміздің болашағы жолындағы мәдени-ағартушылық саладағы бұл саяси шешім «Отырар» кітапханасының директоры, мәдениет қайраткері Күлия Айдарбекованың да назарынан тыс қалмай отыр. Осыған орай, кітапхана басшысы К.Айдарбекова латын тілін меңгерудегі бұл іс-шараға қатысуда.