+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖАҢА МҮМКІНДІКТІРГЕ ЖОЛ АШАДЫ!

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖАҢА МҮМКІНДІКТІРГЕ ЖОЛ АШАДЫ!
"Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы «ЭЛАР ПланСканС» маркалы планетарлық сканерге ие. Бұл түрлі-түсті сканер жоғары сапалы электронды бейнелер мен көлемді дүниелерді көшірмелеуге арналған. Электронды көшірмелеу форматының көлемі 640х420 мм. Планетарлық сканер кітаптарды электронды көшірмелеуде жылдамдық пен ұқыптылықты сақтауға мүмкіндік береді. 
Сканердің негізгі мүмкіндіктері:
- Кітаптың түпнұсқасына залал келтірмейді;
- Кез-келген материалды электронды түрге көшіреді;
- Жұмыс жасауға ыңғайлы;
- Сенімді және тиімді. 
Кітапханамыздың электронды қорын толықтыруда бұл сканердің маңызы орасан зор болып отыр. Бүгінде кітапханада аталмыш сканер құрылғысында Гүлсара Оразбекқызы Мұғалбаева жұмыс жасауда. Бұл техниканың көмегімен маманымыз біршама сирек кітаптар мен қолжазбалар, мерзімді басылымдар материалдары және т.б. құжаттық материалдардың электронды нұсқасы даярланды. Атап айтқанда, 1957-1999 жж. аралығындағы «Оңтүстік Қазақстан газеті», 1935-1964 жж. аралығындағы «Правда Южного» газеті, 98 дана сирек кітаптар, 700 дана авторефераттар, сондай-ақ, бүгінде өзектілігі артып отырған латын қарпіндегі қолжазбалар, кітаптар мен газет-журналдар, естелік хаттар сканерленді. Сканерленген материалдар жинағы электрондық дискілерге тасымалданды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табуда.