«Жас өркен»
2017 жылдың 6 қараша күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Өнер» бөлімінде «Жас өркен» үйірмесі кезекті сабағын табиғи материалдарды қолдану арқылы орындалатын аппликация өнеріне арнады.
Аппликация өнерін қолданылатын материалына қарай 3-ке бөліп қарастыруға болады.
1) түрлі қағаздармен орындалатын аппликация;
2) табиғи материал (сабан, ши, қамыс және т.б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
3) әр түрлі мата, тері, шүберек, киіз және т.б. қолданумен орындалатын аппликация.
Сабақ барысында балалар табиғи материалдарды, оның бөлшектерінің формасын, көлемін, заттағы бөлшектерінің орналасуын, түр-түсін бөліп ала білуге үйренді. Заттарды формасы жағынан бірнеше топтарға біріктіріп, (дөңгелек формалы, тік бұрышты және т.б. заттар) ұқсастығы негізінде суреттегі, мүсіндеудегі бейнелеу әдістерін пайдаланып сан түрлі жұмыстар жасады.
Қолөнердің бұл түрі балалардың логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық өрістерін кеңейтуде ықпалы зор.