«Әлем жады»
Бүгін Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы – ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Қазақстан бойынша Ұлттық комитетінің кезекті отырысы өтуде. Модераторы - комитет төрайымы, т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық Академиялық кітапхананың басшысы Ү. Дәуренбекова. Комиссия мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры К.С.Айдарбекова «Отырар» кітапханасы – Мәңгілік елдің рухани мұрасы» тақырыбында сөз алды.