+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Жүзден жүйрік атанған журналист»

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Баспасөз залында журналист, жазушы сатирик Сабырбек Олжабайдың шығармашылығына арналған «Жүзден жүйрік атанған журналист» атты сұхбат кеші өтті . Тіршіліктегі түйіткілдер мен құбылған саясатты тоқтаусыз жазудан тынбайтын, мақалалары басылымдар беттерінен түспейтін Оңтүстікөңіріміздің журналистерімен жүздесуді мақсат тұтқан кеш мазмұнды өтті. Кеште жазушы Серік Жәнәбіл Сабырбек Олжабай туралы, онымен сапарлас жүрген сәттері жайында әңгімеледі. Кітапхана директорының орынбасары А.Арыстанова журналистік шеберлігі жайында,ғылыми-хатшы З.Жантасова жазушының прозалық туындылары жайында баяндады. 
Оңтүстік Қазақстан Жоғары колледжінен келген студенттер Сабырбек Олжабайдың сықақ әңгімелерін оқып, интермедиялар көрсетті.