+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы сыйға кітаптар тарту етті

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы сыйға тарту еткен кітаптарымен толықты. Атап айтқанда:
Қазақстан халық жазушылары, мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Қабдеш Жұмаділовтың, Әбіш Кекілбаевтың көп томдық шығармалар жинағы;
Белгілі ғалым, профессор Ғарифолла Есімнің философия тақырыбындағы кітаптары;
Мемлекет қайраткері, көрнекті дипломат Қасымжомарт Тоқаевтың бірнеше кітаптары;
"Ежелгі Отырардың қайта өркендеуі" мемлекеттік бағдарламасы аясында шыққан К.Байпаковтың кітаптары;
"Еуразия келбеті" жобасы аясында жарық көрген бейне-кітаптар топтамасы. Тағы басқа да көптеген қызықты кітаптармен танысып, оқуға шакырамыз.

Келіңіздер, оқыңыздар, күтеміз!