+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ақерке» балалар залының оқырмандары Орталық өлкетану мұражайына экскурсия жасады

29 қазан күні «Ақерке» балалар залының оқырмандары Орталық өлкетану мұражайына экскурсия жасады. Мұражай қызметкері Гаухар жас буын бүлдіршіндерге өлкеміздің археологиясы мен пайдалы қазбалары, дәрілік шөптері туралы кеңірек мағлұмат берді. Балаларға күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының ұрпақтары сыйлаған киіз үй қатты ұнады. Сонымен қатар өлкеміздің мақтанышы, боксшы, Сидней олимпиядасының чемпионы Б.Саттархановтың спорттық киімдері таң тамаша етті. Жас оқырмандар өлкеміздің тарихы мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімі ұялап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.