+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ӘЛЕМНІҢ КІЛТІ - АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ!


Кітапхананың "Шет тілі әдебиеттері" бөлімінде 2017 жылдың маусым айынан бастап шет тілі маманы Ж.Абдамиттің оқытушылығымен "Ағылшын тілі" курсы жұмыс атқарады. 
Жас оқырмандарға "Beginer және Elementary" деңгейлері бойынша сабақтар өткізіледі. Курс аптасына 4 рет дүйсенбі-бейсенбі күндері аралығында өтеді. 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында ағылшын тілі – жаңа технологияның, жаңа индустрия мен жаңа экономика тілі екенін атап көрсетті. Осы орайда, бүгінгі жаһандану заманында ағылшын тілінің маңызы қазақ қоғамында артып отыр. Кітапханада шет тілі сабағының ұйымдастырылуы - кітапхананың заманауи деңгейін көтеруде ықпалы зор болғаны анық.