+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының 80 жылдығына арналған «МЕМЛЕКЕТТІК КІТАПХАНАЛАРДЫҢ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСАР ҮЛЕСІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директоры К.Айдарбекова, Кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскері М.Сытышева, 
Шет тілі әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Ж.Абдамит Қостанай қаласында іс-сапарда. 
2017 жылдың 26-27 қазан күндері Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының 80 жылдығына арналған «Мемлекеттік кітапханалардың қоғамның дамуына қосар үлесі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде. Конференция жұмысына еліміздің бірнеше облыстарынан, атап айтқанда, Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Көкшетау облыстарынан, сонымен қатар АҚШ, Ресей Федерациясынан өкілдер қатысуда. 
Кітапханамыздың директоры К.Айдарбекова Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Кітапхананы дамытудың жаңа бағыттары мен мүмкіндіктері" атты ғылыми баяндамасын жасап, Облыстық «Отырар» кітапханасының бүгіні мен болашағы жайында пайымдарын айтып, кітапхананы дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды. Директор Күлия Смайылханқызы конференцияның «Кітапханаға оқырмандар тарту жұмыстарының инновациялық түрлері» атты екінші секциясында модератор міндетін атқарды.
Бүгінгі заманның кітапханашысы өз кәсіби міндетін жетік білумен шектелмей, заманауи технологияларды да өз жұмысында қолдана білетін, мемлекеттік тілмен қатар орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген, ақпараттық сауаты мол білікті маман болуы тиіс. Бүгінде кітапхана мамандарынан шеберлік, жаңаша білім, біліктілік талап етіліп отыр. Аталмыш конференцияның берер нәтижесі де жемісті болады деп сенеміз.