+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ЖАС ҒАЛЫМ - ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ"

2017 жылдың 27 қазанында "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында студенттер, оқушылар және жас ғалымдар арасында "Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "ЖАС ҒАЛЫМ - ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға қатысушы болашақ ғалымдар ғылыми жобалары мен баяндамаларын әділ қазылар алқасы назарына ұсынды. Ұйымдастырушылар директор Күлия Смайылханқызына жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мақсатында өткізілген іс-шараға үлес қосып, қолдау көрсеткені үшін алғыс хат ұсынды.