+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"КІТАП - АДАМЗАТТЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ"

Кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды, әрбір сала әдебиеттерін насихаттау, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын байқау, кітап оқуға саналы түрде баулу, кітапханаға деген қызығушылықтарын ояту. 
Кітап – асыл қазына, ең керемет ғажайып зат, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, адамзаттың рухани байлығы, оқу-тәрбие құралы. Ақпараттық технологиялардың жоғары дамыған ғасырында, қарқынына қарамастан кітаптың адам өмірінде алатын орны, мәртебесі жоғары болып қала беретіні сөзсіз. 
Кітапхананың «Ақерке» балалар бөлімінің ұйымдастыруымен кітапханалық шолу өтті. Шолуға №80 мектеп лицейінің оқушылары қатысты. Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Имамәді Гүлбаршын кітапхана қорындағы кітаптардың келіп түсуі, сақталуы мен кітап берілімі жөнінде де жас оқырмандарға қысқаша ақпарат айтып өтті. Сондай-ақ, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға, кітаппен дос болуға кеңес берді.