+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"ШУАҚТЫ МЕНІҢ ШЫМҚАЛАМ"

2017 жылдың 30 қазанында "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында оқушылар арасында «Шуақты менің Шымқалам» атты сурет көрмесі өтті. 
Шара барысында балалар сәулеті мен әлеуеті қатар дамыған көрікті құт мекеннің жаңа келбетін қағаз бетіне түсіріп, өлкеміздің жетістіктерін айта отырып, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін де бейнелеп берді. Балалар қаланың бейнесін салып қана қоймай, туып өскен өлкесіне деген махаббаттарын жүздері жадырап жеткізе білді. 
«Шымкент – көпжылдық тарихы бар қала! Елордамыз Астана, әсем қала Алматыдан кейінгі «үшінші қала»! Шымкент қаласы – мақтан тұтарлық қала! Шымкент қаласынан аты әлемге әйгілі болған көптеген танымал тұлғалар: ақындар, жазушылар, ғалымдар – шыққан!» - деп әңгімелеп, қаламыздың жаңа келбетін танытатын әдемі суреттер салды.