+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету туралы"

2017 жылдың 30 қазан күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 26 қазандағы "Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету туралы" Елбасының № 569 жарлығы бойынша дөңгелек үстел өтті. 
Қазақ қоғамында қызу талқыға түскен латын графикасының екі нұсқасының ішінде Елбасының көңілінен шыққаны апостроф арқылы түзілген екінші нұсқа болып шықты. 
Дөңгелек үстел жұмысына жазушы, драматург Е.Тұрысов, филология ғылымдарының кандидаты З.Жантасова, директор орынбасарлары Г.Алпысбаева және А.Арыстанова қатысып, тақырыпқа қатысты пікірлерін ортаға салды.
Жазушы Е.Тұрысов латын алфавитінде жазылып, 1938 жылы Алматыдан жарық көрген И.В.Сталиннің «Ленин туралы» кітапшасы туралы жиылған қауымды таныстырып өтті. Бұл кітаптың тарихы мен сақталу жағдаяты жөнінде көпшілікке баяндап берді. 
Іс-шараға кітапхана қызметкерлері мен Х.Әлімжанов атындағы №85 мектеп-гимназиясының ұстазы Ж.Тұрсынбаева мен осы мектептің қазақ және өзбек сыныптары қатысты. 
Басқосуда латын әліпбиінің оң тұстары мен ел болашағы жолындағы латын қарпінің ұтымды жақтары сөз етілді.