«Жас өркен»
2017 жылдың 23 қазанында «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер бөлімінде «Жас өркен» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Үйірменің бүгінгі сабағы бейнелеу өнерін қолөнермен ұштастырып, оқушыларды шығармашылыққа баулуға, іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыруға арналды.
Балалар бұл сабақта жапсырмалау әдісін, яғни түрлі-түсті қағаздан ертегілер әлемінен көрініс құрастыруға, әдемі гүлдер, алуан түрлі көбелектер жасауды үйренді. Қағазды өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі. Қолөнердің квиллинг, киригами, оригами, аппликация (лат. аpplication – жалғау, жабыстыру) сияқты және тағы басқа түрлері дәл осы қағазға байланысты. Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым қағаз.