+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Әлем таныған ақын»

2017 жылдың 23 қазан күні Ж. Шанин атындағы облыстық драма театрында заманымыздың заңғар ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың – 75 жасқа толуына орай «Әлем таныған ақын» тақырыбында әдеби-жыр кеші өтті. Жыр сүйер қауым көп жиналған залда ақынның жырлары оқылып, әндері орындалды. Осы орайда "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы әдеби кешке ақын шығармашылығымен таныстыратын «Әлем таныған ақын» тақырыбында кітап көрмесін ұсынды.