+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЖЫР ҚҰДІРЕТІ!

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Елбасы залы бөлімінде Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «ЖЫР ҚҰДІРЕТІ» атты әдеби кеш өтті. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шарада Елбасы залының қызметкері А.Арстанова жүргізуші міндетін атқарды. Алаш зиялыларын ұлықтай келе жас ұрпаққа насихаттау, ұлт тарихын тану және қиыншылықпен жеткен тәуелсіздіктің қадірін ұғыну, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы еңбегі мен ел болашағы жолындағы бастамаларын жете түсіну – әрбір жас азаматтың парызы. Патриоттық сағат ҚР-ның мемлекеттік әнұранын айтудан бастау алды.
Әдеби кешке Батырбек Өтеп атындағы өнер мектеп-интернаты оқушылары, мұғалімдер және кітапханашылар қатысты. 
Б.Өтеп атындағы Өнер мектеп-интернатының белсенді оқушылары Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен шығармаларын жатқа айтып, патриоттық әндер шырқады. 
Қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі жолындағы еңбектері мен рухани мұраларын дәріптеу – ұрпақтың еншісіндегі өнегелі іс. «Төле бидің жұмбағы» тақырыбында сахналық көрініс көрсетіп, жиылған қауым назарын аударды. Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапаталды. 
Тәубе, еліміздің түкпір-түкпірінде, қала, аудандарда түрлі іс-шаралар өткізіліп, Алашорда қозғалысының мән-маңызы насихатталып жатыр. 
Алаш идеясын бүгінгі жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында өткізілген осындай іс-шаралардың маңызы қашан да жоғары болмақ.