М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Отырар кітапханасында
2017 жылдың 19 қазанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Заң факультетінің тәрбие ісі жөніндегі деканы Ж.Ибраев және 1-курс студенттері өңіріміздің көшбасшы ағарту мекемесі «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына келіп, кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысты.
Тәуелсіздікке қол жеткізу қандай қиын болса, оны сақтап, іргесін нығайту жолында да қиындықтар аз кездеспегені тарихтан мәлім. Осындай қиындықтан, дағдарыстан алып шығып егеменді еліміздің іргесін нығайту үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Болашақ заңгер мамандығын иеленуге құштар студент жастар кітапханамыздың Елбасы залындағы Н.Ә. Назарбаевтың жеке еңбектері мен мемлекет басшымыз жайындағы кітаптармен, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстан тарихына қатысты еңбектермен танысып, өз мамандықтарына қатысты мағлұматтарға ие болып, іздестіріп жүрген материалдарды таба алды. Елбасы залының қызметкері А.Арстанова студенттерді Елбасы саясатын қолдап, мемлекет басшысының кітаптарымен жете танысып, оқуға үндеді.