+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Қарты бар ел – қазыналы ел»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 19 қазан күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері қаламыздағы Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты сазды кешін өткізді.

Кеш барысында кітапхана директорының орынбасары А.Арыстанова мен ғылыми хатшы, жазушы, доцент З.Жантасова сөзі берекелі, ойы терең, ақылы телегей теңіз ақ жаулықты аналарымыз бен ақ сақалды қарияларымызға арналған лебіз-тілектерін білдірді. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияның әншілері Оразәлі Жаңабай мен Ұлжан Оңалбек Ақан Серінің «Маңмаңгерін» және «Асыл ана», «Көңілді ән», «Мұңайма», «Ауылым», «Дудар-ай» әндерін нақышына келтіріп орындап жиналған көпшілікті тәнті етті. Қарт аналар мен ақ сақалды аталар өздеріне ән-жыр арқылы көрсетілген құрметке риза болысты. Төреханұлы Омар қария кеш соңында алғысын білдіре отырып, көпшілікке бата берді. Аталмыш кеш «Кедергісіз кітап» әлеуметтік жобасының жоспары аясында өткізілді.