+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Ақерке" залының оқырмандары "Ерлік" мұражайында!

2017 жылдың 17 қазан күні "Ақерке" залының оқырмандары Ерлік мұражайына саяхат жасады. Жас оқырмандар мұражайдың құрылымы, бөлімдерімен танысты. Ұлы Отан соғысы тарихына арналған мұражайға экскурсия барысында оқырмандар отан үшін күрескен батырлар мен олардың ерліктері жайында тың мағлұматтар алды. Майданда көрсеткен ерліктерімен тарих бетінде қалған тұлғалар мен олардың қан майдандағы ерліктерінен отансүйгіштік, бауырмалдық қасиеттерді бойына ұялатқан, елін,жерін қорғайтын азаматтар өсіп жетіледі деп сенеміз. Осындай игі істерді атқару басқа да жас оқырмандарымызға үлгі болады деп ойлаймыз.