+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЖАҢА КІТАП!

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры кинотанушы, өнертану кандидаты, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі Назира Рахманқызының "Фолиант" баспасынан шыққан "Қазақ киносы: кеше және бүгіні" кітабымен толықты. Бұл еңбегіне 1994-2016 жылдар аралығында баспасөз беттерінде, ғылыми басылымдарда жарық көрген зерттеулері, мақалалары, рецензиялары мен сұхбаттары топтастырылған.

Жинаққа енген материалдардан қазақ көркемсуретті және деректі киносы, жас кинематографистерің шығармашылығы, кинофестивальдер, кинопрокат, т.б. жалпы ұлттық кино өнерінің кешегі және бүгінгі күні туралы мәліметтер алуға болады.

Бұдан бөлек жалпы өнерсүйер көпшілік қауымға арналған тағы да бірнеше жаңа кітаптарды оқуға шақырамыз. Атап айтқанда:

-"Қазақ сахна өнері. Тәуелсіздік кезеңі".- Алматы:"Кие", 2009.

-"Қазақ сахнасының шеберлері".-Алматы: "Таңбалы", 2010.

-Күзембай С.Ә. "Қазақ опералары.-Алматы: "Жібек жолы",2010.

-Қазтуғанова А.Ж. "Қазақтың арнау күйлері". Монография.-Алматы.2008.

-"Дәстүрлі музыка мен композиторлық шығармашылықтағы тәуелсіздік идеясы". Ғылыми монография.-Алматы:"Print Express", 2011.

Келіңіздер, оқыңыздар, күтеміз!