+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЖАЗУШЫ ЕРКІНБЕК ТҰРЫСОВ - 90 жаста!

2017 жылдың 10 қазан күні Бәйдібек ауданы Шаян елді-мекенінде жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Бәйдібек ауданының құрметті азаматы Еркінбек Тұрысовтың 90 жылдығына орай іс-шаралар өтті.
Аудандық Мәдениет үйінде жазушының мерейтойына арналған «Қырансың Қаратаудан самғап ұшқан» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды. 
Жазушы, драматург Е.Тұрысовтың шығармалары бойынша мектеп оқушылары арасында ғылыми конференция өтті. Конференцияда оқушылар Е.Тұрысов шығармаларындағы табиғат көріністері, жазушы еңбектеріндегі тарихи тұлғалар, көнерген сөздердің мәні мәселелері жөнінде баяндамалар жасады.
Жазушыға арналған іс-шаралардың қатары аудандық спорт кешенінде волейболдан оқушылар арасында турнирмен жалғасты.