«Балалар және жасөспірімдер жылы»
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Мұңалбаева 2021 жылды «Балалар әдебиеті жылы» деп бастама көтергені көпшілікке аян. Бұл игі бастамаға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетіп, министр А.Райымқұлованың бұйрығымен Қазақстанда «Балалар және жасөспірімдер жылы» жарияланды.
Осыған орай, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ақтоты Рахметоллақызы және зиялы қауымның қатысуымен, жас ұрпақпен кездесті. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының жас оқырмандары ZOOM форматында өткен аталмыш жиынға қатысты.
Жиында Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Мұңалбаева, мемлекет және қоғам қайраткері М.Жолдасбеков, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Д.Кәпұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Әлімжанов сөз алып, жас ұрпаққа кітаптың, оқу – білімнің, оның ішіндегі балалар оқуының маңыздылығы туралы әңгімеледі.