+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Түркілер төрі - Түркістан»

2021 жылдың 22 ақпан күні «Кедергісіз кітапхана» жобасы аясында кітапхана қызметкерлері облыстық жасөспірім үйі тәрбиеленушілерімен бірлесіп «Түркілер төрі - Түркістан» тақырыбында пікірлесу кешін өткізді.Кеш барысында ежелгі Тұранның есігі мен бесігі болған Орта Азия аумағында орналасқан ежелгі дүние өркениеттерінің, бүкіл түркі тілдес халықтарының рухани, мәдени орталығы ретінде танымал мекен болып саналған ұлылар мекені - қасиетті Түркістанның өткені мен бүгіні және болашағы жайлы айтылды. Түркістанның тарихи – мәдени орталықтары жайлы видеоролик көрсетіліп Түркістанды жырлаған Алаштың алдаспан ақыны Мағжан Жұмабаетың «Түркістан» өлеңімен әлем ақыны Мұхтар Шахановтың «Отырар аңызы» шығармаларынан үзінділер оқылып киелі мекен жайлы сазды әуендер орындалды.