+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Думан Рамазанның "Пешене" кітабын ұсынып отырмыз

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП»

республикалық акциясы

«30 ЖЫЛДЫҚҚА- 30 КІТАП»

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Назарларыңызға жазушы Думан Рамазанның "Пешене" кітабын ұсынып отырмыз. Талантты жазушы, дарынды драматург, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның жаңа жинағына "Керей, Жәнібек", "Абылай ханның арманы", "Кенесары -Күнімжан", "Пешене", "Бейуақ", "Қанатталды", "Кек" атты драматургиялық төл туындылары мен шетел қаламгерлерінен аударған пьесалары топтастырылған. Автор тарихи һәм қазіргі тақырыптарға қатар қалам тербейді. Көркем шығармаларда тарихи тұлғалардың ақыл-парасаты, келешекке көз тастар көрегендігі, тереңнен ойлап, кеңінен байлам жасар кемеңгерлігі, ел бастар көсемдігі, сөз бастар шешендігі мен қол бастар батырлықтары айрықша айшықталса, өзімізге етене таныс бүгінгі күн қаһармандарының тыныс-тірлігі мен іс-әрекеттері ерекше суреткерлік шабытпен кестеленген. Шығармалардың тілі шұрайлы, ойы орамды, көркемдік қуаты жоғары. Кітап жалпы көпшілік қауымға арналған.

Кітапты электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады:

http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1604987

#КазНЭБ

#Кітапонлайноқу

#ДуманРамазан

#Пешене