+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Дәурен Қуаттың «Бөрісоқпақ» кітабын ұсынамыз

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП»

республикалық акциясы

«30 ЖЫЛДЫҚҚА- 30 КІТАП»

Құрметті кітап сүйер қауым!

Назарларыңызға жазушы Дәурен Қуаттың «Бөрісоқпақ» кітабын ұсынамыз. Автордың бұл әңгімелер жинағына бұрынғы «Әлқисса» атты тұңғыш кітабына енген шығармаларымен қатар, кейінгі жылдары жазған жаңа туындылары да топтастырылған. Жинақтағы әңгімелердің тақырып аясы кең, айтар ойы астарлы. Шығармалардың көпшілігі туған жер тарихымен сабақтасады, бабалардан қалған байырғы аңыз-әфсаналардан тамыр тартатындары да баршылық, қазіргі күннің өзекті де өткір мәселелерін жүк ететіндері де жеткілікті. Бірақ, бәрі бір арнада тоғыса, үндесе келе қазақтың кешегі кең болмысын сағынады, алға үмітпен көз жіберген бүгінгі толқулы күйін бейнелейді, келешекте қай көкжиектен, қай биіктен көрінетініне алаңдайды. Қара сөзбен картина сала білетін жазушы қазақ тілінің бар шұрайы мен шырайын шебер қолдана отырып, дала дидарын, замандас келбетін, өмір өрнегін көркем кестелейді. Кітап жалпы әдебиетсүйер оқырман қауымға арналған.

Кітаптың электронды нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар:

http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1609110

#Отыраркітапханасы

#КазНЭБ

#Кітапонлайноқу

#ДәуренҚуат