+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЖЫЛ КІТАБЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛ КІТАБЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 2021 жылы қаңтар айының 26-жұлдызында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Жыл кітаптары» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Кешке ҚР-ның көрнекті қаламгерлері Х.Есенқарақызы, Н.Бегалыұлы, С.Исақ, Ф.Жүнісова, Д.Нұрмаханбет, Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ж.Баһадүр, драматург С.Қасымбек пен қала кітапханаларының басшылары қатысты.

Шарада кеш қонақтары «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» тақырыбымен таңдалған кітаптар жайлы талқылап, өз пікірлерімен бөлісті. «Шымкент қалалық мәдеиет үйінің» өнерлі қызметкері Б.Асылбек пен «Отырар» кітапханасының қызметкері Д.Тұрмаханова М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әуезді әндерден шашу шашып, кітапхананың жас оқырмандары Ы.Алтынсариннің өлеңдерінен сый тартып шараның шырайын кіргізді. Келесі кезекте «Бір қала – бір кітап» акциясы бойынша Шымкент қаласының 2021 жылға насихаттайтын жыл кітабын таңдау үшін қаламгерлер, кітапхана қызметкерлері және оқырман қауым өз ұсыныстарын білдірді, жыл кітабы болуға сай деп тапқан кітаптар туралы ойларын ортаға салды.

Көпшілік қауымның және «Отырар» кітапханасының әлеуметтік парақшаларындағы оқырман пікірлерін ескере отырып, поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті бойынша 2021 жылдың жыл кітабы болуға лайық деп Х.Есенқарақызының «Жібек» шығармасы, З.Қыстаубайұлының пьесалары, С.Исақ «Тұлдыр тағдыр» мен Д.Танабаевтың «Мәуелі бақ» еңбектері, жас ақын Ә.Әлішердің «Мені құшақта» кітаптары таңдалды.

Әдемі әдеби кеш соңында «Отырар» кітапханасының директоры А.Жаппарқұлова сөз алып, жыл кітабына лайық деп таңдалған еңбек иелерін құттықтап, шараны қорытындылады.