+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Отырар» кітапханасының кітап қоры Әділ Ботпановтың «Өмірзая» кітабымен толықты.

Құрметті оқырман !

«Отырар» кітапханасының кітап қоры Әділ Ботпановтың «Өмірзая» кітабымен толықты.

Руханият жанашырлары Адилжан Шомбаловтың демеушілігімен, Бауыржан Бабажанұлының құрастыруымен шыққан «Өмірзая» кітабын аманат ретінде кітапханаға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Сапарбаева Қарлығаш Жылқыбайқызы табыстады.

Бұл жинақта талантты ақын Әділ Бопановтың 27 жасқа дейін жазған өлеңдері мен прозалық дүниелері тұңғыш рет топтастырылып, ұсынылып отыр. Әлем әдебиетінің қайнарына тұмсық малып ішіп, өзі де қазақ өлеңінде «төңкеріс» жасауға ұмтылған ақынның ізденістері талғамы биік оқырманды бейжай қалдырмайды деп ойлаймыз.

Кітап барша әдебиет сүйер қауымға арналады.