+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Кітапханашы жұмысын ілгерлетудегі интернеттің ролі»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында кітапханашылардың біліктілігін жетілдіру мақсатында кәсіби шеберлік сабағы өткізілді. Сабақ барысында «Кітапханашы жұмысын ілгерлетудегі интернеттің ролі», «Ақпараттық мәдениет пен компьютерлік технологияларды меңгеру» жайлы ақпараттар беріліп, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына таңдалған 30 кітапқа байланысты әдеби ойын өткізілді. Сабақ соңында кәсіби журналдарға шолу жасалынды.