+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Отырар» кітапханасының кітап қоры Мөлдір Дарханбаеваның «Түссіз гүл» және «Бұйырмаған балмұздақ» кітаптарымен толықты

Құрметті оқырман! «Отырар» кітапханасының кітап қоры Мөлдір Дарханбаеваның «Түссіз гүл» және «Бұйырмаған балмұздақ» кітаптарымен толықты.

«Бұйырмаған балмұздақ»- жас ақын Мөлдір Дарханбаеваның алғашқы жыр жинағы. Кітапта махаббат, адалдық, сағыныш тақырыбына арналған лирикалық өлеңдер топтастырылған.

«Түссіз гүл» кітабына ақынның соңғы жылдары жазылған өлеңдері еніп отыр. Автордың жырларынан көңіл түкпірінде жатқан нәзік сезімдерді көріп, іштегі бұлқынған дауысты естуге болады. Лирикалық өлeңдер қыз жанының түрлі сәттерін көз алдыңа әкеліп, сезім суреттерінің үздік үлгілерімен қауыштырады.

Кітаптар барша жыр сүйер қауымға арналған.