+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Құралай Сәтмұхамбетованың 70 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеші өтті

Бүгін "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасында қазақтың өнер әлемін мойындатып, «Аппақ гүлдер», «Алтын-ай», «Елге сапар», «Сені көргім келеді», «Елім аман» атты әндерімен тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленген, халықаралық, республикалық додалардың жеңімпазы, Түркістан облыстық композиторлар қауымдастығының төрайымы, өнер жанашыры Құралай Сәтмұхамбетованың 70 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеші өтті.

Кеште Құралай Сәтмұхамбетованың "Аппақ гүлдер" әнін тұңғыш рет орындаған танымал әнші, Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту, архивтер басқарма басшысының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері Ақбота Шатырханқызы Керімбекова арнайы келіп, сазгерге ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтау хатын табыстады. Шымкент қалалық Мәдениет үйінің директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Қордабайұлы Майғазиев композиторға деген ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар, композитордың онға жуық әнінің мәтінін жазған ақын Қабылбек Төретай, Қазақстанның мәдениет қайраткері, әнші Айжан Тәженова, ақындар Фатима Жүнісова, Клара Лаханқызы, "Рухани жаңғыру" кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева, т.б. белгілі тұлғалар қатысты.

Есімін ел танып, әніне барша қазақ сүйсінген композитордың 70 жылдық мерейтойы ерекше форматта өткізілді.