+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасына – 165 жыл толуына орай ұйымдастырылған виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз!

Қазақ халқының көрнекті ғалымы, ағартушы-демократ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың жазбасындағы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасына – 165 жыл толуына орай ұйымдастырылған виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз!

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» - ХІІ-ХІV ғасырлардан бастап жырланып, ХІХ ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі – Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер. Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Ш.Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тілінде аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері жинағының 3 томына енгізілді» (1870).

Бейнероликті мына сілтеме арқылы көруіңізге болады: https://www.facebook.com/ms.otyrar/posts/826436138083302