+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлтын сүйген жүрек үні»

"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының абонемент бөлімінде атақты жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дулат Исабековтың 75 жылдығына орай «Ұлтын сүйген жүрек үні» тақырыбында кітап көрмесі жасалынып, әдеби-сазды кеш өтті. Кешке Шымкент Университетінің студенттері мен Д.Нұрпейісова атындағы 116 мектеп оқушылары қатысып, Дулат Исабековтің шығармашылығы жайлы ой өрбітіп, жазушының «Кемпірлер» шығармасынан қойылым қойды.